Қоғам

Қарт Каспийдің жағасынан ерке Есілдің бойына: Петропавлға көшпелі көркемсурет көрмесі келді

Қарт Каспийдің жағасынан ерке Есілдің бойына шалқар шабыт иелері келді. Бүгін “Абылайхан резиденциясы” музей кешенінде Ақтау қаласынан келген қос бірдей суретшінің картиналары қойылды. Инна Ермакова мен Әсел Мырзағалиеваның бұл салада жүргендеріне 8 жыл болды. Қылқалам шеберлерінің туындылары бір көргенде қарапайым болғанымен өзіндік ерекшеліктері бар. Картинада қазақ қоғамының тыныс-тіршілігі көрсетілген, бірақ кенеп бетіне ультракүлгін сәуле түссе болды, олар жарықпен шағылысып күндізгі бейне түн болып өзгере шығады. Туындылардың арасында дүрбелең дәуірлеріндегі 100 ұлы тұлғаның кескіні салынған картина бар. Бұл тектен-тек емес, себебі көркемөнер шеберлері Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” романынан шабыт алған.

ӘСЕЛ МЫРЗАҒАЛИЕВА, суретші, Ақтау қаласы:
– “Портреттер көлеміне, күрделілігіне байланысты олардың эскиздерін жасау, оны ойластыру да біраз уақыт алады. Мәселен, 100 ұлы тұлғаның кескіні салынған картинаны жылдамдатып 3 айдың ішінде салдық. Бір кенеп матаның бетіне 100 адамның бейнесін салу оңай емес, сол себепті ол өте ерекше туынды болып саналады. Атбасар қаласында 2 күн болдық, кейін Көкшетауға табан тіредік, енді теріскейге келдік. Солтүстіктегі көрмеміз 3 күнге жалғасады”.

 

Сандугаш Кайырбек