Спорт

V жазғы Пара Азия ойындарында ел намысын теріскейлік Иван Залезняк қорғайды

Солтүстікқазақстандық Иван Залезняк V жазғы Пара Азия ойындарында ел намысын қорғайды. Ол 18-24 қазан аралығында Жапонияда жалауын желбірететін жарыста ядро итеру және диск лақтыру сайысында сынға түседі. Қазіргі таңда толағайымыз білектердің бәсекесіне дайындалып жатыр. Ұлттық құрама мүшесі тәжірибелі спортшылардың қатарында. Бұған дейін Пара Азия ойындарында бақ сынап, екі мәрте қола жүлде жеңіп алған. Айтар болсақ, 2018 жылы Джакартада ядроны 11 метр 69 сантиметрге жеткізсе, ал 2023 жылы Ханчжоуда 12 метр 39 сантиметрді бағындырды. Өңірімізден тек өзі аттанатын Иван Залезняктан биыл да жүлде күтеміз.

ИВАН ЗАЛЕЗНЯК, Пара Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері:
– «Ұлттық құрамада жүргеніме 8 жыл болды. Дайындық жақсы өтіп жатыр. Астанаға оқу-жаттығу жиындарына барып, жақында ғана оралдым. Қазір Александр Винокуров спорт сарайында дайындалып жатырмын. Жүлдеден әрдайым үміт бар. Жапониядан сүйінші хабар күтіңіздер! Жанкүйер болыңыздар»!

Сандугаш Кайырбек