Солтүстік Қазақстан облысында коммуналдық кәсіпорынға 174 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Жауапқа тартылған ұйым өкілдері ағынды суды заңсыз ағызып жіберіп отырған. Осылайша қоршаған ортаға залал келтірген. Экологиялық заңнаманы сақтамаған кәсіпорын басшылығына өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқама да берілді. Сот актісі заңды күшіне енді. Осы орайда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі өңірде табиғатқа зиян келтіру фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлайды.
Байболат Култанов