Бүгінде облыста 118 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді. Оның 45 пайызы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Нәтижесінде жыл басынан бері аймақта 282 мың тоннадан астам сүт өндірілген. Бұл – ел бойынша 2-ші көрсеткіш. Биыл өңірге шетелден 3600-ге жуық асыл тұқымды сиыр әкелінген. Оның мыңға жуығын кәсіпкерлер мемлекеттен көрсетілген көмек арқылы алған. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы берген мәліметке сәйкес, бүгінде өңірде 1 млн-нан астам мал бар. Биыл кәсіпорындарда 53 мың тоннаға жуық ет өндірілген.
Нурасыл Ахмет