Қоғам

Алаяққа алданып, “дроппер” атанғандардың көбі – студенттер

Цифрлық әлемнің қарқынды дамуы өмірді жеңілдеткенімен, киберқауіптердің де көбеюіне түрткі болып отыр. Облыста жыл басынан бері киберқылмыстың 400-ден астам дерегі тіркелді. Келтірілген шығын 1 млрд теңгеден асып жығылды. Дропперлік әрекет бойынша 58 іс тергелді. Олардың көбі – алаяқтарға алданған студенттер екен. Осыған байланысты “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Ай сайын банк карточкасы арқылы шәкіртақы алатын жастар алаяқтардың жаңа нысанына айналып отыр. Киберқылмыскерлер студенттің аңғалдығын пайдаланып, тиісті жеке деректерін иемденіп алады.

ҰЛЖАН СЕЙТ, студент:
– “Қазіргі таңда интернетті күнделікті қолданамыз және әртүрлі интернет алаяқтарға тап болуымыз мүмкін. Күмәнді батырмалар мен тіркемелерге кірмей, бейтаныс адамдардың хабарламаларынан сақтануымыз қажет. Осындай іс-шаралар арқылы киберқауіпсіздік ережелерін үйреніп, интернеттегі өзін қалай қорғау керектігін түсіндім”.

Кездесу соңында мамандар студенттерге сақтық шаралары жазылған арнайы жаднамалар таратты.

Жаннур Бектурганова