Қоғам

Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы тағайындалды

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы тағайындалды. Енді бұл қызметті Жанат Төлегенұлы Сексенбаев атқарады. Ол 44 жаста, Ақмола облысы Сандықтау ауданының тумасы. Жаңа жетекшіні әкімдік отырысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов таныстырып, сәттілік тіледі.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– “Қазақ ұлттық музыка академиясын «Дирижер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, М. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған. Еңбек жолын Қазақ ұлттық музыка академиясында бастаған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында арнайы жобаларды ұйымдастыру және концерт бөлімінің басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды”.

Осы тағайындауға дейін Жанат Сексенбаев Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің орган залының сақтаушысы қызметін атқарған.

Байболат Култанов