Спорт

Кекушинкай каратеден Еуразия кубогіне қатысатын спортшылар іріктелді

Петропавлда кекушинкай каратеден Еуразия кубогіне қатысатын спортшылардың бір бөлігі іріктелді. Облыстық турнирге 42 салмақ дәрежесі бойынша 540 жас қатысты. Олар 3 татамиде шеберлік пен жауынгерлік рух көрсетті. Нәтижесінде жүлдегер атанған ұл-қыздар бәсі биік бәсекеге жолдама алды. Спортсүйер қауымнан сүйінші сұраймыз, Еуразия кубогі желтоқсанның 5-і күні Петропавлда бастау алады. Додада бірнеше елдің өкілдері бақ сынайды. Қатысушылардың жалпы саны 1500-ден асады деген болжам бар.

Байболат Култанов