Қоғам

Конституциялық өзгерістер: қоғам белсенділері пікір білдірді

Жаңа Конституцияның күшіне енгеніне 3 ай болды. Саяси басты құжатымыз халықтың таңдауым бірсыпыра өзгергені баршамызға белгілі. Ал өзгерістер жалпақ жұртқа таныс болуы тиіс. Осы мақсатта Петропавл қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Шамиль Шакиров сынды азаматтар жұмыс жүргізуде. Белсенді жерлестеріміздің қатысуымен түрлі кездесулер мен ашық диалог алаңдары ұйымдастырылып, ақпараттық материалдар таратылуда.

ШАМИЛЬ ШАКИРОВ, Петропавл қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі:
– “Жаңа Конституцияның қабылданғанына бірнеше ай болды. Бүгінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған нормалар іс жүзінде қолданылып жатыр. Біз Қоғамдық кеңес мүшелері ретінде тұрғындардың өтініштерін қарау кезінде жаңашылдықтарға сүйенеміз. Бұл – Конституцияның өз міндетін атқарып келе жатқанының бір көрінісі деп білемін”.

Конституция жасанды интеллектінің дамуына және азаматтардың цифрлық әлемдегі құқықтарын қорғауға нақты кепілдік береді. Президент 1 шілдедегі сөзінде осындай пікір білдірді. Бұл бастаманы жастар қауымы қолдайды.

АСАНӘЛІ ЖАНАТҰЛЫ, М.Қозыбаев СҚУ студенттік үкіметінің президенті:
– “Кез келген реформаның нәтижелі болуы тек мемлекеттік органдарға емес, қоғамның қолдауына да байланысты. Әсіресе жастардың белсенділігі маңызды рөл атқарады. Себебі, еліміздің басым бөлігін жастар құрайды. Сондықтан біз заман талабына сай болып, жаңа технологияларды меңгеріп, қоғамдық тәртіптің сақталуына өз үлесімізді қосуымыз керек”.

Қоғам белсенділерінің пікірінше, Ата заңда бекітілген нормалардың тиімді жүзеге асуы әр азаматтың белсенділігіне тікелей байланысты. Сондықтан тұрғындарға Конституциядағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғаса бермек.

Улан Ыдырыс