Қоғам

СҚО-да жасы 100-ден асқан 14 адам тұрады, оның барлығы – әйелдер

СҚО-да жасы 100-ден асқан 14 адам тұрады, оның барлығы – әйелдер. Ғасыр жасаған жандардың 8-і – облыс орталығының, қалғаны – аудан тұрғындары. Кейуаналардың ең үлкені 103 жасты еңсеріп отыр. Қос ақжаулықтының бірі – қалада, екіншісі Айыртау ауданында тұрады екен. Ал ел бойынша ғасыр жасаған жандардың саны – 44. Олардың өмір жолы да, еңбек жолы да өнегеге толы.
Сан салада тер төгіп, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеген аналар адал еңбегімен елдің дамуына зор үлес қосты. Қариялар биыл 1 қазан күні кезекті төл мерекелерін қарсы алады. Еске сала кетейік, бүгінде 2 млн 400 мыңнан астам адам зейнетақы алады. Гендерлік құрылымға сүйенсек, олардың 64%-ын әйелдер, ал 36%-ын ер адамдар құрайды. Осылайша, зейнетақы төлемдерін алатындардың жалпы санының үштен екісі әйелдер қауымына тиесілі.

Аружан Султанова