Спорт

Наталья Богданова – Азия ойындарының қола жүлдегері

Азия ойындарының алтыны бұйырмады! Төрт жылдықтың басты додасында бақ сынаған солтүстікқазақстандық боксшы Наталья Богданова жартылай финалда сүрінді. Оның жолын Үндістан спортшысы Боргохайн кесті. Жекпе-жекте үкілеген үмітіміз шапшаң қимылымен, дөп соққыларымен жеңімпаз ретінде көрінген. Алайда, төрешілер 2 де 3 есебімен жеңісті қарсыласқа берді. Осылайша ел қоржынына қола медаль түсті. Шаршы алаң шеберін жетістігімен аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– “Жерлесіміз Наталья Богданованы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алуымен құттықтаймын! Бұл жетістік – табанды еңбек, төзім мен жеңіске деген жігердің жемісі. Наталья Солтүстік Қазақстан облысы мен еліміздің намысын абыроймен қорғады. Спортшыны жарысқа дайындап, оған қолдау көрсеткен жаттықтырушысы Дастан Қабденовке алғыс айтамын. Наталья мен Дастанға алдағы уақытта да толағай табыс пен жарқын жеңістер тілеймін!”

Байболат Култанов