Петропавлда ағаш өңдейтін тағы бір ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Катарлық «Ultradecor» компаниясы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында заманауи өндіріс кешенін салуды жоспарлап отыр. Облыстық әкімдікте тараптар кездесіп, ауқымды істі талқылады. Жиынға аймақ басшысының орынбасары Қанат Дүзелбаев төрағалық етті. Кәсіпорынды іске қосуға 70 млрд теңге инвестиция құйылмақ. Қолданысқа берілгеннен кейін 180 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады. Өндіріс ошағы жылына 600 мың текше метр ағаш жоңқасынан жасалған тақта және 20 млн шаршы метр ламинатталған тақта шығармақ.
ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, СҚО әкімінің орынбасары:
– “Кәсіпорынды қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар басталды. Компания дайындаған жобалық-сметалық құжаттамамен таныстық. Жан-жақты көмек көрсетуге әзірміз”.
Нурасыл Ахмет