Аққайың ауданындағы Қиялы ауылында Төтенше жағдайлар министрлігінің “Ауыл құтқарушылары” атты ведомстволық бағдарламасы аясында ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл – республикалық жоба негізінде Қазақстан бойынша жұмысын бастаған 278-ші құрылым саналады. Аса қажет нысанның іске қосылуына жергілікті кәсіпорын қолдау көрсеткен. Жаңа орталық 8 елдімекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ауылдарда 3500 адам тұрады. Жаңа бекет заманауи техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған.
Нурасыл Ахмет