Қоғам

Тайынша ауданында жол саласының ардагерлеріне арналған аллея ашылды

Қарттар күні қарсаңында Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылында жол саласының ардагерлеріне арналған аллея ашылды. Ізгі бастамаға жол құрылысы саласында жүрген жандар қатысты. Олар аумақта абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш екті. Бұл шара “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Оған өмірінің талай жылын салаға арнаған азаматтар, қазіргі қызметкерлер қатысты.

Аружан Султанова