Петропавлдық суретші қоқыс жәшігіне жазу жазғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол бұл әрекетін өзінің “Instagram” желісіндегі парақшасында жариялаған. Бейнематериалды көрген тәртіп сақшылары бұзақының үйіне барып, қалалық полиция басқармасына алып кетті. Мекемеде оған заң талаптары түсіндіріліп, хаттама толтырылды.
МАРАТ ЖҰМАЛИЕВ, СҚО ПД бастығының орынбасары:
– “Оқиға Ульянов көшесі, 55 мекенжайында орын алды. 32 жастағы ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ол контейнерге жазған жазуды өшіруі тиіс. Заң бәрімізге ортақ. Мұндай жағдайлар өзгелеріне сабақ болады деп ойлаймын”.
Аружан Султанова