Солтүстік Қазақстан облысының аудан орталықтарында 27 жаңа жылдамдық өлшегіш іске қосылды. Құрылғы жүйткіген жүргізушілерді автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өңірде қосымша бейнебақылау қондырғылары және ақылды камералар орнатылуда. Рұқсат етілген жылдамдықтың асырылғанына қарай айыппұл 5-тен 40 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал бір жыл ішінде бұзушылық қайталанған жағдайда 30-дан 60 АЕК-ке дейін жетуі мүмкін. Бүгінде СҚО-да барлығы 121 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді. Олардың көмегімен Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 134 мыңнан астам дерегі анықталды.
Улан Ыдырыс