Қоғам

“Қызылжар” облыстық орталық мешітінде қаза тапқан әскерилердің рухына құран бағышталды

Маңғыстау облысында болған қайғылы жағдай ел тұрғындарының қабырғасын қайыстырды. Қайғылы хабарды естіген теріскейліктер де марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, отбасыларына сабыр тілеуде. Осы ретте бүгін облыстың орталық мешітте қаза тапқан әскерилердің рухына арнайы Құран бағышталды.

ДӘУРЕНБЕК ЕҢБЕКОВ, “Қызылжар” облыстық орталық мешітінің наиб имамы:
– “Барша сарбаздарымызды Алла тағала алдынан жарылқасын, отбасыларына сабыр берсін. Құран бағыштауымыздың себебі, олар ел алдындағы борыштарын өтеп келе жатқан еді. Сол себепті, ел үшін деп қызмет жасағандарға құран бағышталды”.

Айта кетейік, бүгін – елімізде Жалпыұлттық азат тұту күні. Осы ретте Қазақстанның барлық мешіттерінде марқұм болған сарбаздардың рухтарына арнап құран бағышталды.

 

Жансая Дербисова