Қоғам

ХҚКО мамандары ерекше қажеттілігі бар азаматтардың үйінде 9 мыңнан астам қызмет көрсетті

Мемлекеттік қызметтердің барша тұрғындарға бірдей қолжетімді болуы – басты назарда. Денсаулық жағдайына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарына өздігінен келе алмайтын ерекше қажеттілігі бар жандар мен жүріп-тұруы шектелген тұрғындар үшін орталық мамандары үйлеріне барып тегін қызмет көрсетеді. Бұл мүмкіндікті І және ІІ топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, сондай-ақ соғыс ардагерлері мен денсаулығына байланысты төсек тартып жатқан азаматтар пайдалана алады. Ол үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға немесе Мемлекеттік корпорация сайты арқылы өтінім қалдыруға болады. Мамандар құжаттарды тіркейді, қабылдайды немесе үйге тегін жеткізіп береді. Сонымен қатар, ХҚКО-ның ғимаратында өздігінен жүре алатын, бірақ мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы жеңілдік терезелері, пандустар секілді жабдықтар қарастырылған. Жыл басынан бері орталық мамандары азаматтардың үйінде 9 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Азаматтардың ең көп жүгінетін қызмет түрлері: паспорт пен жеке куәлік жасау, ЭЦП рәсімдеу және тұрғын үй көмегін тағайындау болып табылады.

Жаннур Бектурганова