Білім

Ғылым мен өндірісті ұштастыру: Қозыбаев университеті мен «Молсервис» кәсіпорны бірлесіп жобалар әзірлейді

Қозыбаев университетінде «Молсервис» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу мақсаты – ғылым мен өндірісті ұштастырып, сүт өнеркәсібіне заманауи шешімдер енгізу. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың бірнеше негізгі бағытын белгіледі. Атап айтқанда, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, жаңа қоспалар мен ашытқы әзірлеу, су мен сүт шикізатының сапасын бақылау, кәсіпорынның нақты міндеттері негізінде ғылыми, дипломдық және магистрлік жобалар дайындау. Сонымен қатар, ЖИ және цифрлық трансформация орталығында кәсіпорынның өтінімдерін қалыптастыру және басқаруға арналған арнайы қосымша әзірлеу мәселесі талқыланды. Айта кетейік, «Молсервис» сүт өнімдерінің 20-дан астам түрін шығарады. Кәсіпорында шамамен 120 адам жұмыс істейді. Олардың қатарында М. Қозыбаев атындағы СҚУ түлектері де бар. Бұл ынтымақтастық білім мен өндірісті байланыстырып, студенттердің тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді

Сандугаш Кайырбек