Петропавлда самса пісіретін өзбекстандық синтетикалық есірткі сатпақ болған. Облыс орталығында көрші елдің 25 жастағы азаматы ұсталды. Оны тінту кезінде сөмкесінен 250 грамды құрайтын зиянды зат тәркіленді. Бұл аса ірі мөлшердегі партияға жатады. Шетелдік азамат Қазақстан Республикасында заңды негізде жұмыс істеген. Құрылыста жұмысшыларды тамақпен қамтамасыз етіпті. Тергеу кезінде заңсыз кәсіппен бір апта бұрын ғана айналыса бастағаны белгілі болды. Күдікті есірткіні Петропавлға Астанадан бөлу, орау және «жасырын орындарға» қалдыру үшін жеткізген. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.
– “Жыл басынан бері полицейлер Солтүстік Қазақстан облысына басқа өңірлерден есірткі жеткізудің 30 арнасының жолын кесті. 225 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 99-ы – өткізу фактісі. Әдетте заңсыз кәсіпке қатысушылар интернет-дүкендерде 2 айдан артық жұмыс істеп үлгермейді. Одан кейін – ұстау, сот және кемінде 7 жылға бас бостандығынан айыру”.
Байболат Култанов