Қоғам

Облыста биылғы шомылу маусымында 3 адам қаза тапты

2026 жылғы шомылу маусымында облыстағы су айдындарында 3 адам қаза тапты. Қайғылы оқиғалар Ақжар, Ғ.Мүсірепов аудандары мен Петропавл қаласында тіркелген. Марқұмдардың барлығы тыйым салынған орындарда шомылыпты. Биыл аймақта 61 орында суға түсуге рұқсат етілді. Оның 47-сі – Айыртау ауданында орналасқан. Бар ақпармен өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында төтеншеліктер бөлісті.

АБЫЛАЙХАН ЖАҚСЫЛЫҚ, СҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері:
– “Шомылу маусымы басталғанға дейін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп демалыс орындарына тексеріс жүргіздік. Оның қорытындысы бойынша 23 демалыс аймағы қауіпсіздік талаптары сақталған деп танылды. Қалған орындарға кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді. 0:37-0:55 Өңірде 2025 жылы 4 құтқару станциясы қолданысқа берілді.

Шомылу маусымында облыста суға батып бара жатқан 12 адам құтқарылды. Су айдындарында қауіпсіздік талаптарын бұзған 118 адамға әкімшілік хаттама толтырылыпты. Жағдайды бақылау үшін бейнекамералармен және дауыс зорайтқыш құрылғымен жабдықталған дрондар қолданылған. Тұрғындарға тиісті ережелерді түсіндіру мақсатында БАҚ-та 400-ден астам мақала жарияланды, 25 мыңнан астам жаднама таратылды. Бойдағы құштарлық балықшыларды жылдың кез келген мезгілінде, кез келген ауа райында өзен-көлдерге жетелейді. Жайсыз жайттардың алдын алу мақсатында мамандар профилактикалық жұмыстарды күшейткен.

АБЫЛАЙХАН ЖАҚСЫЛЫҚ, СҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері:
– “Су айдындарында, балық құралдарын сату орындарында мыңнан астам профилактикалық рейд өткіздік. 500-ден астам ескерту белгісі орнатылды”.

Шомылу маусымы аяқталса да су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады.

Нурасыл Ахмет