Петропавлда Президенттік көпсайыс бойынша Солтүстік Қазақстан облысының чемпионаты ұйымдастырылды. Дүбірлі додаға жергілікті және жеті ауданның спортшылары қатысты. Жарыс алты жас ерекшелігі бойынша өткізілді. Қатысушылар ұзындыққа секіру, күш гимнастикасы, 60 және 1000 метрге жүгіруден сынға түсті. Нәтижесінде жеке жас деңгейлері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Ал жалпыкомандалық есепте Мағжан Жұмабаев ауданы бірінші орынға ие болды. Мамлют ауданының спортшылары екінші орынды еншілесе, есілдіктер үздік үштікті тұйықтады. Еске сала кетейік, Президенттік көпсайыс – тұрғындардың дене дайындығын жетілдіруге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды спорттық шара болып саналады.
Сандугаш Кайырбек