Қоғам

“Таза Қазақстан”: Петропавлда интерактивті ойын ұйымдастырылды

Петропавлдың орталық алаңында «Таза Қазақстан: бір қадам – бір игі іс» атты экологиялық интерактивті ойын ұйымдастырылды. Оған еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. Бұл жай ғана бастама емес. Шара «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын қолдауға және жастарды туған жерінің тазалығы мен көркеюіне белсенді үлес қосуға шақыруға бағытталды.

АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, қоғамдық даму және ақпарат орталығының бөлім басшысы:
– “Бізде 4 станция болады. Олар: блиц-сауалнама, пазлдар, интеллектуалды викторина және оқиғалық тапсырмалар. Соңғысына аниматорлар қатысады. Жастар қоршаған ортамен байланысты жағдайларды орындауы керек. Яғни, айналаның артықшылықтары мен кемшіліктерін табуы тиіс. Егер кемшілік болса, қоршаған ортаны қорғауға және оның игілігіне қалай үлес қосуға болатынын анықтайды”.

Шара барысында қатысушылар 5 немесе 7 адамнан 4 топқа бөлініп, өзара жарысты. Сайыс тартысты әрі қызықты өтті. Жастар шығармашылық қабілеттерін көрсетті, қоқысты түрлеріне қарай сұрыптап, логикалық тапсырмаларды орындап, экологиялық тақырыптағы сұрақтарға жауап берді. Әр кезеңде командалардың жылдамдығы, тапқырлығы мен ұйымшылдығы сыналды.

CӘКЕН ЗАЙКЕНОВ, қатысушы:
– “Осы ойынға біз 7 адам болып қатыстық. 5 адам кеменің, 2 адам басты рөлдегі кейіпкерлерді ойнады. Сол кейіпкерлер арқылы қоқыс жинадық”.

Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға арнайы тәтті сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды. Жыл басынан бері өңірде осындай 300-ден астам іс-шара өткізілген. Кезекті шараға 50-ден астам жастар белсене қатысты. Экологиялық бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Сандугаш Кайырбек