Бұл талаптар орындалмаған жағдайда рұқсат етілген су пайдалану көлемін қысқарту шаралары қарастырылған.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын шамамен 25 млрд текше метр су тұтынылады. Оның 20-25 пайызы өнеркәсіп қажетіне жұмсалады.

Қазіргі уақытта 671 өнеркәсіп кәсіпорны қайта немесе айналымды сумен жабдықтауға көшуге дайындалып жатыр. Бүгінде 191 көшу жоспары әзірленген, оның 91-і келісу кезеңінде. Тағы 278 жоспар әзірленіп жатыр.

«Келесі жылдан бастап бұл құжаттар арнайы су пайдалануға рұқсат алу кезінде міндетті талапқа айналады. Бұл шара Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасында белгіленген нысаналы көрсеткіштерге сәйкес өнеркәсіпте суды қайта пайдалану үлесін 28 пайызға дейін арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта министрлігіміз өндірістік мақсатта су алатын су пайдаланушылардың тізімін анықтады. Сонымен қатар әр кәсіпорын бойынша соңғы үш жылдағы статистикалық деректер қайта тексеріліп жатыр. Себебі суды қайта пайдалану фактілері кей жағдайда қате түрде айналымды сумен жабдықтау ретінде көрсетілген», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

Дереккөз: https://mtrk.kz/wp-admin/post-new.php