Петропавлдағы Назарбаев көшесі бойында жантүршігерлік жағдай орын алды. Түнгі 23:00-де “Yamaha” мотоциклін тізгіндеген 41 жастағы жүргізуші жолды кесіп өтіп бара жатқан 38 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Өкінішке қарай, ер адам сол жерде тіл тартпай кетті. Ал рөлдегі азамат дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
– “Қазір полиция қажетті тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы, соның ішінде апатқа не себеп болғаны анықталуда. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге түнгі уақытта жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз”.
Петропавлда ағашқа соғылған автокөлік аударылып қалды
Ал бүгін таңда 37 жастағы “Changan” автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылып, машинасымен аударылып қалды. Жайсыз жағдай Петропавлдағы Жабаев көшесінде болды. Рөлдегі азаматты оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасының мамандары тексерді. Ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Қазіргі таңда полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап, тиісті материалдар жинақтап жатыр.
ъ
Нурасыл Ахмет