Қоғам

Болашақ полицейлер департаменттің жұмысымен танысты

Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Жас сақшы” сыныбының 45 оқушысы облыстық полиция департаментінің жұмысымен танысты. Оқушылар жедел басқару орталығында болды. Мұнда «102» арнасына келетін қоңырауларды кім қабылдайтынын және тәртіп сақшылары оқиға орындарына қалай шығатынын көрді. Сонымен қатар, музейге барып, департамент тарихымен, еңбегі сіңген қызметкерлердің жеке заттарымен танысты.

Оқушыларға кинологиялық қызметтің жұмысы қатты ұнады. Ұл-қыздар иттерді үйрету тәсілдері туралы білді. Қылмысты ашу жолдарымен де танысты.

“Жас сақшы” жобасы арқылы балалар полиция жұмысымен танысып қана қоймайды. Жауапкершілікке, тәртіпке және өзара көмекке үйренеді. Бұл келешекте өмір жолын дұрыс таңдауға, білікті маман иесі атануға әсер етеді.

Аружан Султанова