Қоғам

Жамбыл ауданының тұрғындарын су мәселесі мазалайды

Жамбыл ауданындағы Буденное ауылының ауызсуға қатысты алаңдаулы. Мұнда 170-ке жуық үй түтін түтетіп отыр. Жергілікті ағайын тіршілік нәрін ұңғымадан алатын көрінеді. Бірақ, оның сапасы көңілден шықпай отыр. Жол, жарық және ауызсу мәселесін алға тартқан жамбылдық жұртшылық “Әділет” партиясы филиалының мобильді қоғамдық қабылдауына қатысты. Мәселенің шешімі бар ма? Бұл туралы кездесуде филиал төрайымы Қалия Төренова баяндады.

ҚАЛИЯ ТӨРЕНОВА, «Әділет» партиясы СҚОФ төрайымы:
– “Қазір Буденное ауылы үшін сумен қамтудың ең тиімді нұсқасын және оны іске асыруға қанша қаражат қажет екенін анықтау маңызды. Әзірге жоба жоқ, сондықтан нақты мерзімдер туралы айтуға әлі ерте. Тұрғындардың өтінішін тіркедік. Ендігі жерде қандай шешімдер ұсынуға болатынын және жобалау жұмыстарын бастау үшін не қажет екенін анықтаймыз”.

Аружан Султанова