ВЕРА ГОНЧАРОВА, облыстық бейнелеу өнері музейінің бөлім басшысы:
– “Игорь Федерович бар өмірін теміржол саласына арнады. Ол кішкентай кезінен өнерге жақын болған. Еңбек етіп жүрсе де, түрлі туындыларды жарыққа шығарды. Мерейтой иесі теріскейдің табиғатын бейнелеуді жаны сүйеді. Игорь Ищенконы облымыздың патриоты деп нық сеніммен айта аламын.
Көрмеде теріскейдің әсем табиғаты салынған суреттер ортаға қойылды. Әр туынды көздің жауын алады. Әуелеген әуезді ән де шараға ерекше сән беріп тұрғандай. Мерейтой иесі Игорь Ищенкомен тілдестік. Шабыт иесі көшеде әдемі көріністі көріп қалса, бірден қағаз бетіне түсіреді екен.
ИГОРЬ ИЩЕНКО, мерейтой иесі:
– 1999 жылы зейнетке шықтым. Содан бастап кәсіби түрде сурет салумен айналыса бастадым. Өз басым майлы бояумен сурет салғанды ұнатамын. Әсіресе қыс пен күз мезгілдерін жақсы көремін. Еңбегім еленіп, туындылар музей төрінде тұрғанына қуаныштымын.
Айта кету керек, жерлес суретшінің қоржынында 100-ге жуық картина бар.
Сандугаш Кайырбек