Қоғам

Петропавлда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды

Петропавлда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды. Мекеме 50 орынға шақталған. Жәбірленушілер мұнда уақытша тұрып қана қоймай, мамандардан қажетті көмек ала алады.

АЙНҰР ШӘЙМЕРДЕНОВА, қала әкімінің орынбасары:
– “Бұл – маңызды әлеуметтік жобалардың бірі. Орталықта зорлық-зомбылық құрбандары әлеуметтік, құқықтық, медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Мекемеге облыстық бюджеттен 172 млн теңге бөлінді”.

Нысанның тыныс-тіршілігімен облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов танысты. Орталықта жәбірленушілерге 29 адам көмек көрсетеді. Мекеме толықтай жиһаздармен және тұрмыстық заттармен жабдықталған.

ДАНИЯР АСЫЛБЕКОВ, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
– “Жәбірленушілер мұнда 6 ай бойы тұра алады. Оларға 3 мезгіл тамақ беріледі. Қажетті жағдайдың бәрін жасаймыз.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мекемеге орналасу үшін полицияға немесе 111 нөміріне хабарласса болады. Айта кету керек, Петропавлда бұған дейін мұндай орталық болмаған.

Нурасыл Ахмет