Петропавлдағы “Қарасай” стадионында футбол мерекесі өтті. Әйелдер лигасының финалында “БИІК-Шымкент” пен түркістандық “Тұран” кездесті. Көрермендер тартысты ойынды тағатсыздана күтуде. Міне, төреші ысқырығын шалды, матч басталды. Бірінші минуттан шымкенттік клуб қысымды үдете түсті. Бұл өз жемісін берді. 7-ші минутта Бибігүл Нұрышева есеп ашса, 9-шы минутта Теодора Никоара басымдықты еселеді. 1-ші таймды шымкенттік футболшылар толық өз бақылауында ұстады.
ӨМІРЗАҚ ЕРКЕШ, қала тұрғыны:
-“Керемет матч, керемет атмосфера. Мен негізі футбол жанкүйерімін. Бірақ, әйелдер лигасын жиі қарамайтын едім”.
Екінші таймда да шымкенттік команда шабуылдауын тоқтатпады. Ойынның бел ортасында Гульнара Габелия үшінші голды соғып, кездесудің нүктесін қойды. Осылайша “БИІК-Шымкент” Қазақстан чемпионатының 2026 жылғы маусымының чемпионы атанды. Енді келесі жылы команда ел намысын әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасында қорғайтын болады.
Улан Ыдырыс