Қоғам

“Заң және тәртіп”: Бескөлде балаларға жол жүру ережесі түсіндірілді

Бескөлдік балаларға жол ережелері түсіндірілді. Мәселе өзекті, себеп салмақты. Өйткені, мектеп оқушысының жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуіне қатысты 50-ден астам жайт тіркелген. Бұл – биылғы рейдтердің барысында ғана анықталған фактілер. Ал көзге түспеген, камераға көрінбеген жайт көп болуы мүмкін. Біліп, білмей істеген балалардың ата-аналарына айыппұл салыныпты. Соқпақты салдардың, қайғылы жайттың алдын алу үшін балаға ақыл айту қажет дейді прокурорлар. Ақылдың бірі – жолда жүру тәртібін түсіндіру.

МАКСИМ ДОРОВИК, Қызылжар ауданы прокурорының орынбасары:
– “Үйге немесе мектепке асыққан бала жолдан жүгіріп өте шығуы мүмкін. Бұл дұрыс емес. Өйткені, оны көлік жүргізушісі байқамай қалып, қағып кетуі мүмкін. Сол себепті, жаяу жүргінші жолымен өту керек. Оның өзінде сені рөлдегі адамның байқап, көлікті баяулатқанына көз жеткізу керек”.

 

Жолдағы тәртіп – камералардың назарында. Жаяу жүргіншінің де, көлік жүргізушінің де іс-қимылын Бескөлде 260-қа жуық құрылғы қадағалайды.

 

Аружан Султанова