Петропавлдағы “Панацея” отбасылық медицина орталығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында өткен “Медициналық көмектің флагманы-2026” облыстық байқауында жеңіске жетті. Нәтижесінде 2 бағыт бойынша тегін медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін иеленді. Олар: оңалтудың 3 кезеңі мен күндізгі стационар. Қазір адамдар мамандардың қабылдауына келіп, ем алып жүр.
БОТАГӨЗ АЙТБАЕВА, күндізгі стационар дәрігері:
Орталық тұрғындарға 2015 жылдан бері медициналық көмек көрсетіп келеді. Мұнда кардиолог, эндокринолог, терапевт сынды 20-дан астам дәрігер жұмыс істейді. Күн сайын 100-ге жуық науқас қабылданады. Олардың арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қызмет алатындар да бар.
ЖОМАРТ ДӘУЛЕТОВ, емделуші:
– “Бұл орталыққа 2-ші жыл келіп жүрмін. Осында қызмет көрсететін дәрігерлер мен медбикелер бізге өте жақсы қарайды. Орталықтың тазалығы да, көрсетілетін қызметі де көңілімізден шығады. Сол үшін ұжымға алғысым шексіз”.
Айта кетейік, “Панацея” – Петропавлдағы ересектер мен балаларды қатар қабылдайтын алғашқы жекеменшік медициналық орталық. Бұл орталыққа тек солтүстікқазақстандықтар емес, еліміздің өзге де өңірлерінен азаматтар келеді.
Жансая Дербисова