Астанада Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Жиын барысында облыс әкімдерінің жылыту маусымы бойынша баяндамалары тыңдалды. Өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетовтің сөзінше, Петропавл 2-ЖЭО маңызды кезеңге сақадай сай. Жұмысқа 8 қазандық агрегаты дайындалды. Жөндеу науқаны аясында 6 қазандық пен 6 турбинада жұмыстар аяқталған. Ал Петропавл жылу магистральдарын дайындауды 20-қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда. Айта кету керек, шаһарда жылыту маусымы 28-қыркүйекте басталады. Алқалы кеңес соңында Үкімет басшысы жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР Премьер-министрі:
– “Қазіргі таңда қысқа дайындалу – ең өзекті мәселе. Бірақ бүгінгі күнге дейін кейбір облыстар маңызды кезеңге дайын емес. Олқылықтардың орны толмаған жағдайда қатаң шара қолданамыз”.
Нурасыл Ахмет