Облыс орталығындағы Жамбыл көшесінде «ГАЗель», «ВАЗ» және «Changan» маркалы 3 біргей көлік соқтығысты. Жайсыз жағдай таңертең болды. Оған қолайсыз ауа райы, жоғары жылдамдық немесе рөлдегі адамдардың мұқиятсыздығы себеп болуы мүмкін. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері материалдар жинап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Соққы салдарынан «Changan»-ның жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Қажетті көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді.
Байболат Култанов