Қоғам

Явленка ауылы жылыту маусымына дайын

Есіл ауданындағы Явленка ауылында жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталды. 1967 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталық қазандыққа бүгінде 156 абонент қосылған. Мұнда әкімшілік ғимараттармен қатар, жеке үйлер және кәсіпкерлік нысандар бар.

ВАДИМ ГРИГОРЬЕВ, “Теплоресурс” ЖШС инженері, Есіл ауданы:
– “Биылғы жылыту маусымына дайындықты жоспарға сай жүргіздік. Қазандыққа қажетті 4200 тонна көмір сатып алынды. Қара отынның 2000 тоннасы осында жеткізілді. Қалғаны арнайы жерде сақталады, қажетіне қарай тасымалданады”.

Маусым алдында барлық сорғы жабдығы тексерілген. Қазандықтарға арнайы өңдеу жүргізіліп, жылу жүйесі тоттан тазартылған. Сондай-ақ, құбырларды қорғау үшін антиоксид жағылған.

ЛЮБОВЬ НИКИТИНА, Явленка ауылының тұрғыны, Есіл ауданы:
– “Бұл үйде 15 жылдан бері тұрамын. Жылу үзіліссіз беріледі, үйіміз жылы. Қазандықтың қысқа дайындығы – маңызды жұмыстың бірі. Суықта үйіміздің жылы болғанын қалаймыз. Мамандар техникалық ақауларды әрдайым тез шешуге тырысады”.

Қазандықтың жалпы қуаты – сағатына 9 мегаватт. Мұнда 40-қа жуық адам еңбек етеді. Соңғы жылдары нысанда автоматтандыру жұмыстары да қолға алынған. Қазір бұл жерде 2 жылға жуық 3 робот-қазандық жұмыс істеп тұр.

ВАДИМ ГРИГОРЬЕВ, “Теплоресурс” ЖШС инженері, Есіл ауданы:
– “Алғашқы автоматтандырылған қазандықты сынақ ретінде 2024 жылы орнаттық. Жұмыс барысында кемшіліктерін анықтап, өндірушілермен бірге жетілдірдік. Қазір 3 қазандық автоматты түрде жұмыс істейді. Бұл көмірді үнемдеуге және адам факторына байланысты тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді”.

Жаңа технологиялардың енгізілуі қызметкерлердің жұмысын да жеңілдеткен. Бұған дейін қазандықта жұмыс істеген от жағушылар біртіндеп оператор қызметіне қайта даярлануда.

Аружан Султанова