Солтүстікқазақстандық муай-тай шеберлері әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғады. Косово астанасы Приштинада өткен дүбірлі додаға әлемнің 50-ге тарта елінен 1000-ға жуық спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде өңір спортшылары 1-ші, 2-ші және 3-ші орындарды еншіледі. Алтыннан алқа тағынған жандардың бірі – облыстың аға жаттықтырушысы Иван Ван Хон-Тун. Ол сайыста 2 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
ИВАН ВАН-ХОН-ТУН, муай-тайдан СҚО аға жаттықтырушысы:
– “Бірінші кездесуімде Черногория елінің өкілімен кездестім. Сенімді түрде жеңіске жеттім. Екіншісінде Ливан елінің спортшысымен шаршы алаңға шықтық. Жекпе-жек тартысқа толы өтті. Бірақ мен өз шеберлігімнің арқасында жеңімпаз болдым. Нәтижесінде асығым алшысынан түсіп, алтыннан алқа тағындым. Әрине, жарыс алдында толқыныс болды. Бірақ рингке шыққан соң бар назарымды жекпе-жекке салып, жеңіске жетуге тырыстым”.
Бұдан бөлек әлемдік додада Анастасия Конюшко күміс медаль иеленсе, Евгений Зимин чемпионаттың қола жүлдегері атанды. Ол муай-таймен 18 жасынан бері айналысып келеді. Жарыстағы жүлде спортшының ұзақ жылғы еңбегінің нәтижесі.
ЕВГЕНИЙ ЗИМИН, муай-тайдан әлем чемпионатының қола жүлдегері:
Қазіргі таңда теріскейлік муай-тай шеберлері алдағы уақытта өтетін халықаралық сайыстарға дайындығын пысықтап жатыр.
Жансая Дербисова