Аптадағы маңызды жаңалықтар

Шаховское ауылында қаздар тағы да қырылып жатыр

ҰЛАН ЫДЫРЫС, тілші:
– “Қызылжар ауданындағы Шаховское ауылында тағы да қаздар қырылуда. Бізде бар деректерге сүйенсек, белгісіз індеттің кесірінен елді мекендегі 13 мың қанатты өліп қалған. Балапан санар уақытта шығынға батқан халық үрейленіп отыр. Себебі, осындай жағдай өткен жылы да орын алған еді”.

Бұл – Нина Пискунова. Ауыл тұрғынының еңсесі түскен. Нәзікжанды биыл жазда 300 қаз балапанын қарызға сатып алған еді. Екі ай бойы қанаттыларды бағып, асырады. Енді машақатының жемісін көремін деген кезде құстары қырылып жатыр.

НИНА ПИСКУНОВА, ауыл тұрғыны, Қызылжар ауданы:
– “Қаздар қыркүйектің 8-інен қырыла бастады. Басында қымбат препараттарды қолдандық, көмектеспеді. Алдымен қаз балапандары дірілдей бастайды. Кейін мойындары бұралып қалады. Тепе-теңдіктерін жоғалтып, құлап, дұрыс тұра алмады. Іштері өтеді. Күн сайын қанаттылардың өлексесін жинаймыз. Қаздарды қарызға алдық, қанаттылардың азығына деп 170 мың теңге жұмсадық. Одан бөлек дәрі-дәрмегі тағы бар. Барлығын санағанда 1 млн теңгеден асып жығылады. Бұл қып-қызыл ақша. Енді қарызды қалай қайтаратынымызды білмеймін”.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше қазіргі таңда республикалық ветеринариялық референттік орталық қызметкерлері қаздардан сынама алып, сараптамаға жіберген. Оның нәтижелері әлі белгісіз. Бірақ алдын ала болжамдар бар көрінеді.

ЖАНАТ ӘМІРЖАНОВ, СҚО ветеринария басқармасының басшысы:
– “Былтыр Шаховское ауылында пастереллез деген ауру шықты. Болжам бойынша сол індет қайталануы мүмкін. Себебі, бұл құс тұмауына ұқсамайды. Бұдан бөлек қанаттылар жазда Башқұртстаннан ешбір ветеринарлық құжатсыз жеткізілген еді”.

Айта кетейік, аталмыш жайт Шаховское ауылында өткен жылдың желтоқсан айында да орын алған еді. Ол кезде елді мекенде 7 мың

Улан Ыдырыс