Екі кештің арасында Петропавлда пәтер жанып кете жаздады. Өрт жатын бөлме жағындағы электр розеткасынан шыққан. Себебі, розетканың асүйдегі бөлігіне тұрмысқа қажетті құрылғылар қосылып тұрған. Тілсіз жаудың салдарынан шкаф тұтанып, кейін жалын матрасқа тарапты. Алтынсарин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы баспанаға өрт сөндірушілер жедел жетті, отты дер кезінде сөндірді. Осылайша одан әрі таралуына жол берілмеді.
Байболат Култанов