Петропавлда Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы мен оқушылары және олардың ата-аналарына арналған желілік жүгіру жарысы өтті. Қатысушылардың көздегені – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау. Алдымен жиналғандар жаттығу жасап, дене қыздырды.
ВИКТОР СОСИН, жаратылыстану-математика бағытындағы НЗМ директоры:
– “Желілік жүгіру жарысына қатысуға 400 отбасы өтініш білдірді. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Сайыста 10 аталым бойынша үздіктерді анықтаймыз. Оларға арнап бағалы сыйлықтар дайындадық. Жуырда мектебімізде ата-аналар арасында спорттық лигалар бастау алады”.
Жарысқа жалпы мыңға жуық адам қатысты. Олар 3 қашықтық бойынша сынға түсті. Барлығы жеңістен үмітті. Желілік жүгіру жарысы қатысушылардың көңілінен шыққаны көрініп тұр.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, аталған сайыс мықтыны анықтау үшін ғана емес, ата-аналар мен оқушылар арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткен.
Нурасыл Ахмет