Қоғам

Петропавлда салық төлемегендердің көлігі автотұрақққа қойылуда

Жалпыға ортақ міндетті орындамай жүр. Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, тәртіп сақшылары және сот орындаушылары бірлесіп, шаһар көшелеріне рейдке шықты. Негізгі мақсат – көлік салығынан жалтарған жүргізушілерді анықтау және заң аясында шара қолдану. Облыс орталығында мұндай тұлғалар аз емес. Қазіргі таңда берешегі бар петропавлдықтардың тізімі 2500-ден аса адамнан тұрады. Ал олардың жалпы қарызы 245 млн теңгеден асып жығылады.

ЖАНАТ МҰРАТОВ, Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:
– “2026 жылғы 1 сәуірде өткен жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі аяқталды. Қазіргі таңда қолымызда жаңарған тізім бар. Сол бойынша рейдке шығып отырмыз. Қарызы бар жүргізушілер салықты “Kaspi.kz”, “Halyk Bank” және “Bank Center Credit” мобильді қосымшалары арқылы төлей алады. Сондай-ақ, төлемді «Қазпошта» бөлімшелері мен екінші деңгейлі банктердің кассаларында жасауға мүмкіндік бар. Ал сұрақтарыңыз болса, Сүтішев көшесі, 56 мекенжайында орналасқан басқармаға келулеріңізді сұраймын”.

Рейд кезінде жол сақшылары 34 көлікті тоқтатқан. Нәтижесінде салық төлеуден жалтарып жүрген 2 адам анықталыпты. Олардың әрқайсысының қарызы 300 мың теңгеден асып жығылады. Құрыққа түскен тұлғалардың жылжымалы мүлкі автотұраққа қойылды. Қоса кету керек, Петропавлда ең көп салықтық қарызы бар адамның берешегі 11 млн теңгенің құрайды.

Нурасыл Ахмет