Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында мерейтойлық маусым басталды. Биыл шымылдық 140-шы мәрте түрілді. Айтулы шараға орай өнер ордасында арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
ПАВЕЛ РОЩУПКИН, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі:
– “Біз үлкен концерттік бағдарлама дайындадық. Оған театр әртістерімен қатар, өзге де мәдениет ұжымдарынан келген әріптестеріміз қатысады. Алдымен балалар театрының маусымын ашып, олар үшін интермедиялық шоу ұйымдастырдық. Одан кейін театрдың тарихына, оның дамуына үлес қосқан тұлғалар мен 140 жыл ішінде орын алған айтулы оқиғаларға арналған баспасөз мәслихатын өткіздік”.
Кеш барысында “Sensitive” би ансамблі мен Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әншілері өнер көрсетті. Сонымен қатар, театрдың мерейтойына орай бірқатар қызметкер марапатталды.
ПАВЕЛ ВОЛКОВ, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актері:
– “Бүгінге дейін үш жаңа ертегі дайындадық. Бұдан бөлек, бірнеше спектакль әзірленіп жатыр. Шамамен бір жарым аптадан кейін гастрольдік сапарға шығамыз. Астана, Теміртау және Қарағанды қалаларында көрерменмен қауышамыз”.
Мерейтойлық маусымда театр ұжымын гастрольдермен қатар, жаңа қойылымдар да күтеді. Көрерменге бұрыннан таныс спектакльдер де қайта сахналанбақ. Олардың қатарында “Рики-Тики-Тави” және “Ізгі ниетті Асқар” ертегілері бар. Сондай-ақ, “Қазына аралы” қойылымы қайта жаңғыртылды.
ПАВЕЛ ВОЛКОВ, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актері:
– “Әәзірге жас актермін. Бес маусым жұмыс істедім. Үйренетін нәрсем көп, тәжірибе жинауым қажет. Жалпы, актер мамандығын таңдағаныма қуаныштымын. Театрда кез келген адамды сомдауға болады. Әртүрлі мамандықты байқап, түрлі дәуірлерде өмір сүресің. Мұндай мүмкіндік кез келген адамға беріле бермейді.”.
Театр ұжымы жаңа маусымда зал толы көрерменді күтеді.
Улан Ыдырыс