Ғасырлар бойы жер астында жатқан. Қызылжар ауданында мүйізтұмсықтың сүйегі табылды. Жануардың жілігін Прибрежное ауылының маңында көпір салып жатқан құрылысшылар қазу жұмыстары кезінде байқап қалған. Мамандар мүйізтұмсықпен қатар, екі адамның бас сүйегін де тапты. Олар бірден полицейлер мен археологтарға хабарласқан. Бұл жайттан өңірге белгілі тарихшы Анатолий Плешаков та хабардар. Ол тарихи жаңалыққа қатысты мынандай пікір білдірді.
АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, археолог, Қозыбаев университетінің профессоры:
– “Мүйізтұмсық – сонау палеолит дәуірінде өмір сүрген жануар. Яғни мұз басу кезеңімен тұспа-тұс келеді. Адамның бас сүйектері туралы әзірге ештеңе кесіп айта алмаймын. Жіті зерттейміз. Егер
Нурасыл Ахмет