Ауыл шаруашылығы

Тимирязев ауданындағы “Сағат СК” серіктестігі орақ науқанын 62 пайызға аяқтады

Бұл – Тимирязев ауданында орналасқан “Сағат СК” серіктестігі. Агроқұрылым «Атамекен Агро» компаниялар тобына кіреді. Биыл шаруашылық 20 мың гектар топыраққа дән сіңірген. Қазіргі таңда орақ науқаны 62 пайызға аяқталған. Егіс алқабында 10 техника жұмыс істеп жатыр.

– АНАТОЛИЙ ЛЯПКАЛО, “Сағат СК” ЖШС директоры, Тимирязев ауданы:
Қазіргі таңда 13 мың гектар алқапты жинадық. Өнімділік гектарына 22 центнерді құрайды. Егер ауа райы кедергі келтірмесе, 16 қыркүйекке дейін дәнді дақылдарды жинап үлгереміз. Маңызды іс таң атқаннан кешке дейін жалғасады.

Агроқұрылым мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауды да кеңінен пайдаланды. Биыл шаруашылық техникалық паркін де жаңартқан екен.

– АНАТОЛИЙ ЛЯПКАЛО, “Сағат СК” ЖШС директоры, Тимирязев ауданы:
Жаңа техникаға берілетін субсидияларды пайдаланып, екі жаңа комбайн, топырақ өңдейтін агрегаттар мен тракторлар сатып алдық. Сонымен қатар, минералды тыңайтқыш және арзандатылған дизель отынымен толық қамтамасыз етілдік.

Станислав Яцук аталмыш серіктестікте 10 жылдан бері жұмыс істейді. 5 жыл бұрын жаңа техникаға отырған. Қазіргі таңда еңбеккер зығыр алқаптарынан өнім жинауда.

СТАНИСЛАВ ЯЦУК, “Сағат СК” ЖШС механизаторы, Тимирязев ауданы:
Жұмысым өзіме ұнайды. Еңбекақы көңілімнен шығады. Биыл жиым-терім сәтті өтуде. Ауа райы қолайлы. Зығыр жинап жатырмыз. Оған дейін бұршақ пен жасымық ордық, дәнді дақылдарды да қамбаға басып жатырмыз. Алдағы уақытта күнбағысқа кірісетін боламыз. Жалпы, жер құнарлы, өнім де жаман емес.

Айта кетейік, агроқұрылым жиым-терім науқанын 25 қыркүйекке дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр

Улан Ыдырыс