Қоғам

Полиция ардагерлерімен кездесу

Өңірдің бас тәртіп сақшысы Руслан Назаров полиция және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің және ведомствоның тәлімгерлер кеңесінің өкілдерімен кездесті. Шара барысында сөз алған бұрынғы шенділер өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмысқа тоқталды. Еңбек демалысына шыққан азаматтарға қамқорлық таныту, «Жас сақшы» сыныптарының оқушыларымен ұдайы жүздесу және жас мамандарға ақыл-кеңес беру. Негізгі міндеттерге осылар кіреді. Жиында тергеу қызметінің аңызына айналған ақсақал Хайдар Қашенов ізін басқан әріптестеріне өтінішпен де жүгінді.

– ХАЙДАР ҚАШЕНОВ, ҚР ІІМ құрметті ардагері:
Жеке құрамға қамқорлық танытыңыздар. Мамандарға мейірбан да болу керек. Себебі, кадрлық инспекторды немесе тергеушіні дайындау – үлкен еңбек. Оған әжептәуір уақыт кетеді. Сондықтан еңбекке жұмылдырылған жастарға “жұмсақ” та болған жөн.

Кездесудің жағымды сәттерінің бірі – футбол жарысында жеңіске жеткен зейнеткерлерді марапаттау болды. СҚО ПД ардагерлер құрамасы аяқдоп сайысында топ жарды.

Байболат Култанов