“Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Петропавлда кезекті мәрте тазалық шарасы өтті. Қоршаған ортаға құрметпей қарайтын жастар бұл жолы Бөкетов пен Интернационал көшелері арасындағы шағын саябақты жинады. Қаланың орталығы, адамдар көп жүреді. Осының әсерінен төңірек жиі ластанады. Айналада балмұздақ қаптамасы, сусындардың ыдысы сынды қалдықтар қаптап кеткен. Солардың барлығын белсенді қыз-жігіттер жерден алып, арнайы қаптарға салды. Ұйымдастырушылардың тұрғындарға айтары бар.
ГҮЛБАҚЫТ БАЙБОСЫНОВА, СҚО жастар ресурстық орталығының маманы:
– “Аса керекті, маңызды шара ұйымдастырып жатырмыз. Осы жерде тұрғындар аумақтың тазалығына үлес қосса екен деймін. Себебі, көктемнен бері саябаққа 5-ші рет келіп, балалармен жинаудамыз”.
Байболат Култанов