Петропавл қаласының іргесінде саз заңсыз өндірілген. Мұндай заң бұзушылықты Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы анықтады. Ұсынылған дерекке сүйенсек, кәсіпкер арнайы техниканы қолдана отырып, 50 тонна кең таралған пайдалы қазбаны қазып алған. Ұрлықты полиция тіркеді, істі тиісті шаралар қабылдау үшін облыстық Экология департаментіне жіберді. Нәтижесінде құқық бұзушы айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
– “Сонымен қатар 2024–2025 жылдары 11 жер қойнауын пайдаланушы Кодекс талаптарына қайшы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жалпы сомасы 10,5 млн теңгеге қаражат аудармаған. Басқа жағдайда, жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыратын 26 субъект салық заңнамасының талаптарын бұза отырып, жалпы сомасы 29 млн теңге қол қою бонусын төлемеген. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекет пайдасына 18 млн теңге өндірілді, қалған соманы өндіру бойынша жұмыс жалғасуда”.
Байболат Култанов