Қоғам

Заңсыз қоқыс үйінділерінің көбі Қызылжар ауданында анықталды

ЖАННҰР БЕКТҰРҒАНОВА, тілші:
–  “Өңірде экологиялық тәртіп пен қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Жыл басынан бері облыс аумағында 54 заңсыз қоқыс орны анықталған. Бүгінде олардың барлығы дерлік жойылды”.

Ең көп қоқыс орны Қызылжар ауданында анықталды. Мұнда заңсыз қоқыс үйінділерінің 33 дерегі тіркелді. Сондай-ақ, Аққайың мен Тайынша аудандарында да бұл мәселе жиі кездеседі. Заңсыз қоқыс орындарының жойылуына жергілікті атқарушы билік өкілдері жауапты. Қоқыс жиналған орынды уақытылы тазартпағаны үшін 200 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Жалпы, өңірде соңғы екі жылда заңсыз қоқыс үйінділерінің азаюы байқалады. Мәселен, былтыр жүзден астам жайт тіркелсе, биыл кері статистика екі есеге кеміген.

ЖАСЛАН САДУЕВ, СҚО экология департаменті басшысының орынбасары:
– “”Қазақстан Ғарыш Сапары” ұлттық компаниясының арнайы геопорталы бар. Порталда заңсыз қоқыс орындарының деректері көрсетіледі. Кейін жергілікті атқарушы органдар қоқыс үйінділерін жояды”. 00:26-00:43 “Қоқыс орны жоймағаны үшін былтыр 6 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биыл сол себеппен бір әкімге айыппұл салынды”.

Заңсыз қоқыс үйіндісі болмасын десек қоғамда экологиялық мәдениетті арттыру керек. “Оны арттырудың бір құралы – түсіндіру жұмысы”,- дейді Якорь ауылының тұрғындары. Жергілікті ағайын қоқыс төгуге келгенде ұқыпты. Экологиялық тәртіпті де сақтайды, табиғат тазалығы туралы айтылған әңгімені де құптайды. Жалпы, өңір бойынша 7 заңды қоқыс полигоны бар. Ал ауылды жердің тұрғындары қатты тұрмыстық қалдықты арнайы учаскеге апара алады. Бұндай аумақтарды жергілікті әкімдік ұйымдастыруы тиіс.

Жаннур Бектурганова