Қала ішінде жайлы әрі сенімді көлікпен жүргіңіз келе ме? Онда Петропавлға қайта оралған “Region” такси қызметінің жаңа мүмкіндіктерін бағалап көріңіз. Компания машина паркін жаңартып, жолаушыларға “Комфорт+” тарифін ұсынады.
АСЫЛХАН ТЕЛЕГЕНОВ, “Region” такси қызметінің менеджері:
– “Компанияға жүргізушілер қажет. Автопаркімізде 40 машина бар. Жеке көлігі бар жандарды да жұмысқа аламыз. Бізде табыс жоғары. Жаңадан келген қызметкерлерге жолаушылармен қалай сөйлесу керектігін үйретеміз”.
Такси қызметінің мобильді қосымшасы да жаңартылған. Ол арқылы жолаушы көліктің нақты қай жерде келе жатқанын көре алады. Яғни, бастапқыдан соңғы нүктеге дейінгі қашықтықты бақылауға мүмкіндік бар. Тағы бір жаңашылдық – сапар соңында QR арқылы төлем жасау. Айта кету керек, «Region» такси қызметіне +7 701 555 55 55 телефон нөмірі арқылы да тапсырыс беруге болады. Жаңа көліктердің іші таза, жолаушыларға жағдай жасалған. Жүргізушілерді қуантатын жайт – темір тұлпарлардың үнемділігі, аса көп жанармай керек емес. Бұны компания қызметкері Руслан Ерденов растап отыр.
РУСЛАН ЕРДЕНОВ, “Region” такси қызметінің қызметкері:
– “Жүргізушілерге арналған көптеген бонустар да бар. Көліктің жүк салғышы кең. Қосымша арқылы қай жерде қандай жылдамдықта жүру керектігін көре аламыз.
Айта кету керек, “Region” такси қызметінің жүргізушілері жұмыс кестесін өздері жоспарлай алады. Күніне 40 мың теңге көлемінде табыс табуға мүмкіндік бар.
Нурасыл Ахмет