19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындары өтеді. Азияның басты спорт додасында Солтүстік Қазақстан облысының 8 спортшысы ел намысын қорғайды. Тізім мынандай теріскейліктерден тұрады.
ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАТЫН СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ:
Наталья Богданова – бокс, 75 кг;
Ислам Евлоев – грек-рим күресі, 97 кг;
Михаил Литвин – жеңіл атлетика;
Данияр Шаяхметов – велоспорт;
Николя Винокуров – велоспорт;
Елизавета Склярова – велоспорт;
Алексей Луценко – велоспорт;
Айзара Жұмабекова – брейкинг.
Өңір спортшылары Азия ойындарында бұған дейін жоғары нәтижелерге қол жеткізген. 2023 жылы Ханчжоуда Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері 3 жүлде еншіледі. Алексей Луценко велоспорттан жекелей жарыста топ жарса, Наталья Богданова бокстан қола медальді қанағат тұтты. Мұндай жетістікке велоспортшы Артем Захаров та жетті. Үздіктер бас қосатын додада солтүстікқазақстандық спортшыларға сәттілік тілейміз!
Жансая Дербисова