Облыстық “Қызылжар” орталық мешітінде өңірдегі имамдар, азаншылар мен молдалар аттестациядан өтуде. Мұндағы мақсат – дін қызметкерлерінің білімін арттыру. Бес жылда бір өтетін шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері арнайы келіп, сынақтың әділ өтуін қадағалауда. Алдымен қатысушылар тест тапсырды. Онда жерлестеріміздің заң, ислам тарихы және шариғат бойынша білімдері сыналды.
АМАН МҰХАМЕДЖАН, СҚО “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы:
– “Екінші кезеңде ҚМДБ өкілдері жергілікті дін қызметкерлерімен сұхбаттасады. Барлығы 100-ден астам адам аттестациядан өтуде. Шара 2 күнге созылады”.
Нурасыл Ахмет