Қоғам

Петропавлда 200-ге жуық курсант ант қабылдады

ҚР ҰҰ Академиясында 200-ге жуық болашақ офицер ант қабылдады. Олардың қатарында Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен келген 25 азамат бар. Салтанатты шараға ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары Бекайдар Қазкеев қатысып, курсанттарды құттықтады.

БЕКАЙДАР ҚАЗКЕЕВ, ҚР ҰҰ Бас қолбасшысының орынбасары:
– “Әскери ант – әскери қызметшінің ар намысы мен абыройының негізі”.

Міне, ең маңызды сәт келіп жетті. Тепсе темір үзер жігіттер ант қабылдауға дайын. Ант қабылданды. Серт бергендердің қатарында Абай облысының тумасы Мұхаммед Құдайберген бар. Ол бала кезінен иығына шен тағуды армандаған екен. Қазір ол “Әскери психолог” мамандығы бойынша білім алуда.

МҰХАММЕД ҚҰДАЙБЕРГЕН, курсант:
– “Бүгін мен үшін өмірімдегі маңызды әрі ерекше күн. Осыдан біраз уақыт бұрын Семей қаласы Шоқан Уәлиханов “Жас ұлан” арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатын аяқтап, әскери жолды жалғастыру мақсатында Ұлттық ұлан академиясына оқуға түстім”.

Курсанттар бір жарым ай бойы күрделі дайындықтан өтті. Оның барысында саптық машықты пысықтап, дене шынықтыру нормативтерін тапсырды. Бүгін курсанттардың өміріндегі маңызды сәтке олардың ата-аналары мен туған туыстары да келіп отыр.

ЖАНАР САПЕНОВА, Шымкент қаласының тұрғыны:
– “Мен оңтүстік өңірден, сонау Шымкенттен келіп отырмын. Бүгін ұлым Ұлттық ұлан академиясында ант қабылдады”.

Айта кетейік, бүгінде Академия мамандары 8 бағыт бойынша кадр даярлайды. Жалпы, білім ордасы жұмыс істеп келе жатқаннан уақыттан бері мыңдаған офицер оқытып шығарған.

Улан Ыдырыс